2022 жылдың 23 қараша күні Мағжан Жұмабаев ауданы, Сулышоқ ауылындағы Еңбекші қазақ орталау мектебінде "Жаңарған жаңа Казақстан келешегі - өскелең ұрпақтың қолында" атты тақырыбы бойынша аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің мамандары мен мемлекеттік тілде оқытылатын 9 мектептен педагогтар келіп сабақтарға қатысты. Кезекші педагогтар қонақтарды қарсы алып, оларға көркем еңбек пәні мұғалімі Ахаева Г.Қ.-қызы және 9- сынып оқушысы Кененбай Іңжу "Сәндік қолданбалы өнер" атты оқушылардың жасаған шығармашылық көрмесімен таныстырып өтті. Көрмеден кейін келген педагогтар өз мамандықтары бойынша осы педагогтардың: 1.Кокушева Ұ.К.-қызының (Әліппе,1-сынып), 2.Биркенова Т.Қ.-қызының (Қазақ әдебиеті,7-сынып), 3.Казанова Г.М.-қызының (Орыс тілі мен әдебиеті,5-сынып),
- Шегибаева А.Т.-қызының (Ағылшын тілі,8-сынып) пәндерінен өткізген ашық сабақтарына еңді. Сабақтардан кейін келген қонақтардың әрқайсысы жеке-жеке қоржыннан асық алып "Ғажайып алаң" интеллектуалды ойынына жолдама алды,ойын өткізушісі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бейсебаева С.С.-қызы. Интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша Қарақоға орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Назарова С. Т.-қызы жүлделі орынға ие болды. Мектеп демеушісі Жанибеков Қ.С.-ұлы интеллектуалды ойынға қатысқан педагогтарға бағалы сыйлықтармен марапаттауға демеушілік етті. Ойын барысында мектеп ұжымы мен оқушылардың дайындаған өнерлерін келген қонақтар тамашалады. Семинардың соңында аудандық білім бөлімінің аудандық әдіскерлік кабинетінің жетекшісі Раскулова Г.С.-қызы аудандық семинарда өзінің тәжірибелерімен бөліскен педагогтарға сертификаттар табыстады. "Жаңарған жаңа Қазақстан келешегі -өскелең ұрпақтың қолында"атты аудандық семинардың қорытындысы бойынша жақсы баға берілді.{gallery}/media/jw_sigpro/users/0000000319/12{/gallery}